Іс-шараға әскери бөлім офицерлері мен сержанттары және №59 мекемесінің қызметкерлері қатысты. Іскерлік тәжірибеге толы шара барысында сала мамандары сарбаздарды өздері қызмет атқаратын түзеу мекемесімен таныстырды.
Түзеу мекемесіндегі тыныштық пен тәртіптің сақталуы – ең алдымен қарауыл күзетінде қалтқысыз қызмет атқарған қырағы жауынгерлеріміздің арқасы. Мекеме әкімшілігі жас сарбаздарға түзеу мекемесіндегі ішкі тұрақтылықты сақтауда міндеттерін адал атқарып, қырағылық пен әскери тәртіптің жақсы үлгісін көрсетеді деп сенім білдірді.