Жарқын болашақ

Жарқын болашақ

Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп 25 шілдеде Тараз қаласының пробация қызметі ғимаратында кәсіпкерлердің қатысуымен пробациялық бақылауда тұрған әйелдермен сабақ өткізді.
Іс-шара барысында жергілікті полиция қызметі басқармасы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторларына полиция подполковнигі Диляфруз Абазовна Қанжеханова және ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің жеке құрамы бойынша психолог Анна Александровна Дмитриенко тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге байланысты негізгі мәселелерді түсіндірді. Сондай-ақ, кәсіпкерлермен бірлесіп қайта әлеуметтендіруге қатысты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, кейіннен жұмысқа орналасумен оқыту курстары.