
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған тұлғалардың тарапынан, құқық бұзушылықты алдын алу оның ішінде қайта қылмыс деректерін болдырмау мақсатында, ағымдағы жылдын 15-нен 25-сі мамыр аралығында «Подучетник» атты Республикалық жедел-профилактикалык іс-шарасы еткізілуде.
Аталған іс-шараға Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы белсене ат салысты, барлығы 272 бірлік учаскелік полиция инспекторлары және 61 бірлік пробация қызметінің инспекторлары қатысты.
Нәтижесінде, 1656 профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, сотталғандар тарапынан 68 бұзушылықтар анықталып, жазбаша ескертулер берілді. Сот үкімінде көрсетілген міндеттерді орындамаған, жаза өтеу тәртібін қайталап бұзған 44 тұлғаға қатысты пробация қызметтерімен сотқа бас бостандығынан айыру жазасына іс-құжаттар жолданды.

