Таразда жазасын өтеуші Пәкістан азаматы бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті

Таразда жазасын өтеуші Пәкістан азаматы бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті

Таразда жазасын өтеуші Пәкістан азаматы бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті. Ел шекарасын заңсыз кесіп өтіп, сот үкімімен ҚР ҚК-нің 392 бабының 1 бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылған шетел азаматы ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуде. Бейнебайланыс арқылы тілдесуде ол жақындарының аман-саулығын біліп, хабар алмасты.

Жалпы, бейнеконференция – әлеуметтік байланыстан ажырамаудың өте тиімді жолы әрі темір тордың арғы жағындағы азаматтардың жанұясымен үзбей сөйлесіп тұруына зор мүмкіндік беріп отыр.