№50 мекемеде дөңгелек үстел өткізілді

№50 мекемеде дөңгелек үстел өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №50 мекемесінде 40-қа жуық қызметкердің қатысуымен "Қоғамдық бақылау туралы" Заң тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Спикерлер ретінде "Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа - орталық" қоғамдық бірлестігінің басшысы және сарапшысы Руслан Асаубаев пен Алмат Смагулов шақырылды. Дөңгелек үстел барысында қоғамдық бақылау қызметінің принциптері, атап айтқанда: заңдылық, жариялылық, еріктілік және тәуелсіздік түсіндірілді. Қоғамдық бақылаудың мақсаты азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өткен жөн. Тақырып презентация және бейнероликтер арқылы айқын көрсетілген.