ПҚБ есебінде тұрған тұлғалар қызықты мамандықтар күніне арналған іс шараға қатысты

ПҚБ есебінде тұрған тұлғалар қызықты мамандықтар күніне арналған іс шараға қатысты

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің Тайынша ауданының пробация қызметі бөлімінің бастамасымен Тайынша қаласының орталық аудандық кітапханасында қызықты мамандықтар күніне арналған "Өз кәсібін іздеуде" атты іс-шара өтті. Кітапханашылар С.Байменова мен Г.Шарипова есепте тұрған сотталғандарды әртүрлі кәсіптермен таныстырды, адам өміріндегі еңбек қызметінің маңыздылығын көрсетуге тырысты, ағымдағы жылдың шілде айында өткен "Су көлігі қызметкерлері күні", "Балық шаруашылығы қызметкерлері күні", "Ұлттық қауіпсіздік органдары күні" Қазақстанның кәсіби мерекелеріне тоқталды. Іс-шара осы мамандықтардың қызметі саласында бағдарлануға көмектесу мақсатында өткізілді.