Погондағы донорлар

Погондағы донорлар

Бірнеше рет қан доноры болған СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің және ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері кезекті қан тапсыру үшін "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ КМК-на барды. Барлығы 40-қа жуық адам донор болып, 15 литрден астам қан тапсырды.

Қызметкерлер өтеусіз қан донорлығына өздерінің тұрақты қатысуын мұқтаж жандарға көмектесіп қана қоймай сонымен қатар донорлыққа мүмкіндігінше көп бей-жай қарамайтын адамдарды тартудың маңыздылығымен түсіндірді. Алғаш рет донор болған қызметкерлердің айтуынша, олар көптен бері мұқтаж жандарға осындай көмек көрсету туралы ойлаған және бүгінде барлығы біреудің өмірін сақтап қалуға үлес қоса алғанына өте қуанышты болды.

Сауалнамалар толтырылғаннан кейін және қан тапсыру кезінде донордың денсаулық жағдайы анықталатын қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін қызметкерлер қан тапсыруға жіберілді.

Орталық мамандары тұрақты донорлыққа ризашылықтарын білдіріп, 2 айдан кейін келесі қан тапсыруға келуге шақырды.