
Паралимпиадашылар-бұл адамның мүмкіндіктері шексіз екендігінің айқын мысалы. Рухы мықты адамдар, спортшылар өздерін және сыртқы жағдайларды жеңе отырып, мақсаттарға жетеді.
Жол картасын іске асыру аясында СҚО бойынша ҚАЖД "№ 48 мекеме" РММ-ге Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы олимпиадалық резервті дайындау орталығынан паралимпиадашылар келді:
- ҚР спорт шебері және халықаралық жарыстарға қатысушы Зинов Денис Сергеевич (парашаңғы жарысы);
- ҚР спорт шебері, 2022 жылы Бейжіңде өткен паралимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия кубогының жеңімпазы, әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Герлиц Александр Александрович (парашаңғы жарысы, парабиатлон).
Әңгімелесу барысында спортшылар өмірбаяндарымен бөлісті, спорттағы өз жолдары, жетістіктері мен қиындықтары туралы айтып берді, сондай-ақ сотталғандардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында шақырылған қонақтар сотталғандарға спорттық мүкәммал табыстап, спортпен шұғылдануға шақырды және тезірек босатуды тіледі.