
Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлерін өмірлеріндегі маңызды күндермен құттықтау СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті мен ведомстволық бағынысты мекемелер басшылығының жақсы дәстүріне айналды.
10 желтоқсанда өзінің 90 жылдық мерейтойын қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері, отставкадағы ішкі қызмет старшинасы Сүлеймен Кенжегузин атап өтті. Ішкі істер органдарында 31 жыл қызмет еткеннен кейін, ол 50 жасында СҚО ІІБ СИ-18 (№66 мекеме) мекемесінің аға бақылаушысы лауазымынан еңбек сіңірген демалысына шықты. Сүлеймен Кенжегузин 1933 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы Тау-ағаш ауылында дүниеге келген.
Туған күн иесіне жылы сөздер мен денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілектері айтылды. СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Сүлейменов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркеулан Бектуров, сондай-ақ №66 мекеме қызметкерлері зейнеткерге құттықтау ашықхаты мен сыйлықтар табыс етті. Ардагер қызметкерлерге жылы сөздері мен көңіл бөліп келгендері үшін алғыс айтып, қызметте табыс тіледі.