160-тан астам тергеу-қамауға алынғандар мен күдіктілер өз дауыстарын берді

160-тан астам тергеу-қамауға алынғандар мен күдіктілер өз дауыстарын берді

Петропавл қаласының тергеу изоляторында №656 жабық учаскеде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңға сәйкес үкімі заңды күшіне енбеген тергеу изоляторларында ұсталатын ҚР кәмелетке толған азаматтарының жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы бар.

Жалпы алғанда, үкімдері заңды күшіне енбеген 165 күдікті, айыпталушы, сотталған және дауыс беру құқығына ие СҚО бойынша ҚАЖД №66 мекемесінің тергеу-қамауға алынған адамдары дауыс беруге қатысуға мүмкіндік алды.

Мекеме аумағындағы сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 7-де Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан бастады.

Мекеме басшылығы мен қызметкерлері материалдық-техникалық қамтамасыз етуді толық ұйымдастырды, дауыс берушілер үшін сайлау учаскесінің физикалық қолжетімділігі және тиісті қадағалау қамтамасыз етіліп қажетті жағдайлар жасалды, сайлаушылардың тізімдерін дайындау және оларды құжаттандыру жүргізілді. Сондай-ақ, стендтерде дауыс беру кезінде  ережелер және үміткерлер туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылды.