
"№48 мекеме" РММ-де жедел ақпаратты іске асыру барысында әкімшілік қызметкерлері № 6637 әскери бөлімнің әскери қызметшілерімен бірлесіп автокөлікті өткізу үй-жайында, аумаққа кіретін, Газель маркалы жүк көлігінің салонын тексеру кезінде құжаттар арасында фото-бейне камерасы және интернетке қолжетімділігі бар "Samsung" маркалы смартфон табылып, тәркіленді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына байланысты автокөлік жүргізушісіне қатысты материалдар жиналып, жауапкершілікке тарту үшін Петропавл қаласының сотына жіберілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес жүргізушіге ескерту немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, жоғарыда аталған телефон тәркіленеді.
"Мекемелерде қолданылатын ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес сотталғандардың өзімен бірге алып жүруіне рұқсат етілетін заттардың тізбесі мен саны болады. Ішкі тәртіп ережелерінде көзделмеген ақша мен бағалы қағаздарды, сондай-ақ өзге де заттарды, құжаттарды, бұйымдарды, тамақ өнімдерін, оның ішінде ұялы телефондарды сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Осындай заттар табылған жағдайда оларды мекеме әкімшілігі алып қояды", - деп атап өтті режим бөлімінің жедел уәкілі Нұрболат Серали.