СҚО бойынша ҚАЖД бастығы қызметкерлерді тасымалдауға арналған автокөліктерді тексерді

СҚО бойынша ҚАЖД бастығы  қызметкерлерді тасымалдауға арналған автокөліктерді  тексерді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов қызметтік автокөлікке байқау өткізді.

Берік Сұлтанғазыұлы бұл көліктерде Департаменттің және ведомстволық бағынысты мекемелердің жеке құрамын тұрғылықты жері бойынша күнделікті тасымалдау жоспарланып отырғанын атап өтті. Мекемелердің көпшілігі негізгі көлік тораптарынан алыс орналасқандығы, жолға көп уақыт пен күш жұмсауға тура келетін қызметкерлер үшін белгілі бір проблема болып табылады.

Қарау барысында Берік Біләлов әр газельдің техникалық жай-күйін және бейнетіркегіштердің жарамдылығын, сондай-ақ салондардың жай-күйін қарап, техникалық қауіпсіздік құралдарының (өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, авариялық тоқтату белгісі және шағылыстыратын жилеттер) бар-жоғын тексерді.

Департамент басшысы тылмен қамтамасыз ету бөлімінің және техникалық қызмет бастықтарына көлік құралдарының жарамдылығын, сондай-ақ оларға тиісті қызмет көрсетуді бақылауға алуды тапсырды.

Қарау қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық сәттер және газельдердің техникалық жай-күйін пысықтағаннан кейін олар қызметкерлерді жұмыс орнына жедел және уақтылы жеткізуге мүмкіндік бере отырып, баға жетпес көмек әкелуге дайын болады.