ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінің алдағы ҚР Президентін сайлауға дайындығын тексерді.

ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінің алдағы ҚР Президентін сайлауға дайындығын тексерді.

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті төрағасының бірінші орынбасары әділет полковнигі Сағат Кентайұлы Мадиев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелеріне барып қайтты. Сапардың басты мақсаты 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындығын тексеру болды.  Сапар барысында Сағат Кентайұлы СҚО бойынша ҚАЖД ведомстволық бағынысты мекемелерінің бастықтарымен, олардың орынбасарларымен және жеке құрамымен кездесу өткізді.

Департамент басшылығы мекемелерде сайлаушылар тізімі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дауыс берушілер үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігіне қажетті жағдайлар жасау, күзету және сайлау бюллетеньдерін уақтылы жеткізу туралы баяндады. 

Сонымен қатар, төрағаның орынбасары ведомстволық бағынысты мекемелерде, олардың өнеркәсіптік және тұрғын аймақтарында болып, сотталғандардың қанағаттану нормаларына сәйкестігін тексерді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында мекемелерде орнатылған үздіксіз бейнебақылау операторларының постыларын қарап шықты.

ҚР Президентін сайлау туралы ақпараттандыру мақсатында әкімшілік ғимараттарда ақпараттық баннерлер орналастырылды, сайлаушыларды уақтылы хабардар ету жөнінде қажетті шаралар қабылданды.

Төрағаның бірінші орынбасары әділет полковнигі Сағат Мадиев мекеме аумағында сайлау учаскелерінің дайындығын оң бағалады, сондай-ақ бұзушылықтар туындаған жағдайда оларды жою қажеттігін атап өтті.