
Сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтарды алдын алу, сондай-ақ қоғамнан оқшауламай жазасын өтеу шарттары мен тәртібін түсіндіру мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері Аққайың ауданының прокуроры әділет кеңесшісі З.Серхожаевпен бірлесіп жұмыс кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында сотталғандарға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ оларға сот жүктеген міндеттер жеткізілді. ҚР ҚК 44-бабы 3-бөлігінің талаптарына сәйкес бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, өтелмеген жаза мерзімі бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айырумен ауыстырылатыны түсіндірілді. Сотталғандар да осы мүмкіндікті пайдаланып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олар негізінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қатысты болды.
Кездесу қорытындысы бойынша прокурор сотталғандардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.