Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар Петропавл қ. мәдени ағарту орындарына барып қайтты

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар Петропавл қ. мәдени ағарту орындарына барып қайтты

СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар аудандық пробация қызметінің қызметкерлері аудан орталығы Бескөл а. Әкімдігімен бірлесіп есепте тұрған қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың қатысуымен шығу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара жоспары бойынша сотталғандар "Абылай хан резиденциясы" мұражай кешеніне және Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып, психолог Резида Сәлімжанқызы Баймұхамбетовамен ұйымдастырылған "Зорлық - зомбылыққа жол жоқ!" атты тренинг пен семинарға қатысты.

Резиденцияда мұражай қызметкерлері арнайы экскурсиялық бағдарлама әзірлеп, Абылай ханның өмір жолы, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениеті туралы айтып берді.

Мұражай экспозициясы 4 залда ұсынылған. Мұражайдың бірінші залында Абылай ханның балалық шағы мен жастық шағы туралы баяндайтын материалдар сақталған. Екінші залда дәстүрлі қазақ стилінде жасалған апартаменттер орналасқан. Үшінші залда орталық экспонат - Абылай ханның мүсіні, сол кездегі дәстүрлі киімдер, тұрмыстық заттар мен қару-жарақтарды көруге болады. Төртінші залда Абылай ханды көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер, сауатты дипломат және талантты қолбасшы ретінде ашатын материалдар ұсынылған.

Тарихи-өлкетану мұражайында Солтүстік Қазақстанның археологиялық зерттеу материалдарымен танысып, сотталғандарға өлкенің тарихын ашатын ежелгі дәуірдің бірегей экспонаттарын ұсынды.

Кейін Петропавл қаласының АРТ-орталығының көше алаңында тренинг өткізілді. Қатысушылардың көпшілігі осы іс-шараға дейін бір-бірімен таныс болмағанына қарамастан өзара көмек пен сенімді бағалау бойынша жақсы нәтиже көрсетті.     

Іс-шара сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, оларды мәдениетке тарту, сондай-ақ қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында өтті.