
16 тамызда аудан әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде тәрбие жұмысы, сондай-ақ рухани даму мақсатында СҚО бойынша ҚАЖД Мамлют ауданының пробация қызметі "СҚО Мамлют ауданы әкімінің аппараты" КММ-нің көмегімен пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар үшін акция ұйымдастырды.
Бұл акция облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, сондай-ақ Абылайхан резиденциясының мұражайында өтті. Бұл іс – шараның мақсаты-сотталғандардың мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыру.
«Сотталғандардың көпшілігі өлкетану мұражайы мен Абылайхан резиденциясына алғаш рет барып қайтты. Олардың қуанышты жүздеріне қарап, аудан басшылығы тарапынан оларға қандай көңіл бөлінетінін көріп отырмын. Мұндай сапарлар тек жақындастырып қана қоймай, түзету жолына түсуге көмектеседі. Осындай мүмкіндік үшін өзімнің және сотталғандардың атынан үлкен алғысымды білдіргім келеді», - деді пробация қызметінің бастығы Алмагүл Сейітова.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылған Қазақстандағы көркемдік құндылықтардың ең бай жинақтарының бірі болып табылады. Ол бірегей және сирек кездесетін құндылықтарды жинаған Қазақстан аумағындағы ең ірі орталық болып саналады. Мұражай қорында қазақ және шетелдік шеберлердің жұмыстарынан құралған 350 мыңнан астам экспонат сақталған. Келушілердің назарына 13 зал ұсынылған, олардың әрқайсысы өзінше бірегей, олар-түрлі экспонаттар, картиналар, әшекейлер, керамикалық мүсіндер, ағаштан жасалған бұйымдар, тас ғасырының еңбек құралдары, ыдыс - аяқ, тұрмыстық заттар, түрлі қару түрлері және тағы басқалар.
Экскурсоводтар әр экспонаттың тарихы туралы көптеген деректер айтып берді. Жалпы, сапар танымдық болды, сотталғандардың айтуынша, оларға экскурсия, мұражай атмосферасы, сондай-ақ екі музейдің құндылықтарымен қызығушылықпен таныстырған мейірімді және сыпайы қызметкерлер өте ұнады.
"Экскурсия маған ұнады, біздің облыста көптеген тарихи оқиғалар мен жаңалықтар болғанын білмедім. Ежелгі жануарлардың қалдықтары таң қалдырды. Енді мен балаларымды осында әкелуді ойлаймын, олар да көрсін, қызық болады деген ойдамын, себебі тіпті бізге ересек адамдарға ұнады. Мен барлығына осындай жерлерге баруға кеңес беремін, өйткені мұнда көптеген қызықты және пайдалы заттар бар", - дейді сотталғандардың бірі.
Тарих әлеміне енудің бірегей мүмкіндігі үшін аудан әкімдігіне, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне ерекше алғыс білдіргіміз келеді.