
Үйді тазарту, аумақты сыпыру, жиһазды жылжыту қарапайым болып көрінеді, бірақ қарттар үшін бұл оңай емес, кейде тіпті мүмкін емес іс дерсің.
СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің қызметкерлері зейнеткерлерге көмек көрсетті.
Қылмыстық-атқару жүйесінің 3 зейнеткеріне үй және оған іргелес аумақты тазалауға көмек көрсетілді. Ардагерлер ІІО қызметі туралы көптеген көңілді және қайғылы сәттерді еске алды, зейнеткерлер жас қызметкерлермен өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.