
Спартакиаданың мақсаты-денсаулықты нығайту, дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысу үшін жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт шеберлігін арттыру. Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, облыстық атқарушы органдардың, облыстық аумақтық органдардың, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінің командалары, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің командасы спорттың бірнеше түрі бойынша жүлдегер атанды. Волейбол және шағын футбол бойынша-ІІ орын; "Қазақ күресі" бойынша:
І орын-СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің бақылау қызметі бөлімінің бақылаушысы Өмірзақ Қайырбек Мұратұлы (74 кг дейін);
ІІ орын-СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің МБКК орынбасары Қалиұлы Ердос (90 кг дейін);
ІІІ орын-СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы Жолдыбаев Ниязбек Қанатұлы (74 кг дейін);
ІІІ орын - СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Ишанов Әлібек Қайырбекұлы (100 кг дейін).
СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері кубоктармен және грамоталармен марапатталды.