Петропавл қаласындағы әйелдер колониясына жеке кәсіпкерлер барып қайтты

Петропавл қаласындағы әйелдер колониясына жеке кәсіпкерлер барып қайтты

Петропавл қаласының әйелдер колониясына әлеуметтік кәсіпкер және "Green.tal" жобасының жетекшісі Эмин Аскеров, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері қатысты. Сапар барысында "Еңбек-Қызылжар" РМК тігін цехында және "Щеголева" ЖК, СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің базасында орналасқан жылыжайда, "Данилова" ЖК болды.
Кездесу қорытындысы бойынша Эмин Аскеров мекемеде сотталғандардың еңбекпен қамтылуының оң динамикасын, сондай-ақ қала кәсіпкерлері үшін жасалып жатқан жағдайларды атап өтті.
Ғимарат үшін жалдау ақысының болмауы, еңбек тәртібі, шикізат пен дайын өнімнің сақталуы, мекеме қабырғасында жиі дайындалатын кең сұранысқа ие бейіндегі тәжірибелі мамандар - осының бәрін Петропавл қаласының әйелдер колониясына келген кәсіпкерлер атап өтті. Бүгінгі таңда СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде 4 ЖК жұмыс істейді, онда сотталғандардың 98% жұмысқа орналастырылған.