
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінде 6 түрлі - қазақ, орыс, татар, чуваш, украин және неміс ұлтының өкілдері еңбек етеді.
Светлана Борисенко – СҚО бойынша ҚАЖД аға инспектор-психологы, әділет майоры. Ішкі істер органдарында еңбек етіп жүргеніне 15 жылдан асты. Светлана Юрьевнаның жұмысы жеке құраммен тікелей байланысты, әсіресе жас қызметкерлерге психологиялық көмек көрсетіп, сотталғандармен жұмыс істеу үшін бейімделуге көмектеседі. Түрлі психологиялық тренингтер өткізеді.
Светлана Борисенко 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында, Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Әжесі Крымнан жер аударған, неміс - Эрна Франсовна Гернер. Атам – украин Пётр Максимович Борисенко, ол кісі де жер аударып келген.
Светлана М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Педагог-психолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. Анамның әкесі 3 жыл Шығыста әскерде болған. Сол кісі кішкентай кезімнен бастап, туған жеріңе адал еңбек етуің керек деп құлағыма құйып келді.
Жеке отбасыма келсек, менің отбасым да – көп ұлтты десем болады. Күйеуім – армян. Ұлым – Артур, 6 жаста. 1 мамыр – біздің көпұлтты отбасы үшін ерекше күтетін мерекелердің бірі.
Ағайынды Евгений және Григорий Ивановтар СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде еңбек етеді. Григорий – ЕС-164/1 тергеу изоляторында мекеме бастығының кезекші көмекшісі, әділет капитаны. Евгений – ЕС-164/3 мекемесінің режим бөлімінің аға жедел уәкілі лауазымдарында қызмет етеді. Евгений мен Григорий да осы мерекені асыға күтеді.
«Департамент пен оның мекемелерінде 360 жуық адам еңбек етеді. Қызметкерлердің 55 % – қазақ, 36 % – орыс, ал қалған 9 %-ын басқа ұлт өкілдері, яғни татарлар, украиндер, немістер мен чуваштар құрайды», - СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.