СҚО бойынша ҚАЖД қарасты ЕС-164/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің қызметкерлері Петропавл қаласы оқу орындарының студенттері арасында бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеу бойынша кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізуде.
Мәселен, ЕС-164/3 мекемесінің кадр қызметі Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіне барып, бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді. Студенттерге ІІО-ға қызметке кіру шарттары мен тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, ҚАЖ қызметінің артықшылықтары, кадр қызметкерлерінің байланыс телефондары түсіндірілді. Колледж студенттері ҚАЖ қызметіне қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кадр бөлімінің қызметкерлері түлектерді тереңірек әңгімелесуге шақырды.