Петропавл қаласының әйелдер колониясында 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күні" қарсаңында "О,АНА" іс-шарасы өтті.
Бұл күні сотталған әйелдерге арналып, мерекелік концерт қойылды. Содан соң балалары мен немерелері түсірген бейнероликті тамашалау кезінде әйелдер көздеріне жас алды. Мұндай ерекше кештер үйін аңсаған нәзік жандылардың жүрегі мен жанын ерекше тебіренткені сөзсіз.
Сотталған әйелдер кеште Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасын негізге алды. Қойылымның сюжеті ұлынан айырылған "Найман-Ана" анасының бейнесіне негізделген."Найман –Ана" бейнесінде ашылған қойылымның ерекше идеясы ананың шексіз махаббатын білдіреді.
Кеште мерекелік әндер мен билерде кейін, әйелдердің назарына балалары мен немерелері жасаған бейнеролик ұсынылды. Әйелдер көздеріне жас алды. Людмила Николаева ҚР ҚК 297- бабы бойынша 10 жылға сотталған. ЕС-164/6 мекемесінде 3 жылын өтеген, 7 жылы қалды. Түрмеге түскенде, кішкентай қызы 1 жаста болған. Үлкен баласын видеода көрген анасының жүрегі сағыныштан қан жылап тұрған кезде, баласының залға кіріп келуі сотталғанды қатты таң қалдырды.
Бүгінгі таңда Петропавл қаласының әйелдер колониясында 250 жуық нәзік жанды жазасын өтеуде.