Солтүстік Қазақстан облысының ер адамдар жазасын өтеп жатқан орта қауіпсіздік ЕС-164/3 мекемесінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Сотталған ер адамдар өз ата-аналарымен, жарларымен, аға-әпкелерімен және балаларымен кездесуге мүмкіндік алды. Бұл күнді сотталғандар да, жақын туыс-туғандары да асыға күтті. Мекемеге барлығы 50 жуық туған-туыстары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарынан келді.
Іс-шара иммундаудың болуын, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтауды, сондай-ақ "Ashyq" жобасын пайдалануды қамтитын барлық санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып жүзеге асырылды. Келген туыстарға қойылған басты талап бірінші және екінші компоненттерге COVID-19 вакцинациясының болуы болды. Ашық есік күніне қатысуға оң мінездемесі бар сотталғандар қатысты.
Сотталғандардың туған-туысқандары мекеме бастығы әділет полковнигі Валихан Байтасовқа және орынбасарларына қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Содан соң, туыстарына сотталғандар тұратын жасақ пен мекеменің медициналық-санитарлық бөлімі бойынша экскурсия жүргізілді. Темір тордың арғы жағындағы ер адамдар 8 наурыз мерекесі қарсаңында көңіл-күйді көтеру және сүйікті әйелдерін құттықтау мақсатында кішігірім концерттік бағдарлама дайындап, өздерінің жасаған кішігірім сыйлықтарын аналарына ұсынды.
Мекеме асханасында қауышу кезінде туыстары да, сотталғандардың өздері де қуаныштың көз жасын жасырмай, жылулығымен бөлісті. «Қайғылы қуаныштың» көз жасы ағып кете берді.
Бұл күн аналары үшін де, балалары үшін де есте қаларлығы анық...