2020 жылы облыс мекемелерінде 13 сотталған отбасы құрса, 2021 жылы бұл сан 19-ға жетіп, 46% артқан. 2022 жылы 1 сотталған отбасын құрып үлгерді.
Сотталғандар қарым-қатынасты хат алмасу арқылы, не бостандықта жүрген кездегі кездескен адамдармен отбасын құрады.
Сотталған Олег пен Антонина 15 жылдан бері таныс. Екеуінің де бірінші некелерінде жолдары болмаған. Бірге жұмыс істеген, жылдар өте келе достықтары махаббатқа ұласқан. Екі жыл бірге азаматтық некеде тұрған соң, үйленейін деп жоспар құрғанда, Олег ЕС-164/3 мекемесіне «Ұрлық» жасап, 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Антонина сүйіктісін тосуға шешім қабылдап, бүгін екеуі некелерін заңдастырды.
«Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандармен некеге тұру рәсімі болашақ жұбайы сотталғанның тұрғылықты жері бойынша АХАТ органдарына, яғни Петропавл қаласының АХАТ-на барады, некеге тұру ниеті туралы мәлімдейді, АХАТ қызметкерінің қатысуымен өтініш толтырады, содан кейін бұл өтінішті болашақ жұбайы өтініштің екінші бөлігін толтыру үшін ҚАЖ мекемесіне береді. Сотталған әкімшілік қызметкерінің қатысуымен өтініштің екінші жағын толтырады және қол қояды. Оның қолын мекеме бастығы куәландырады. Арызға некеге отырған сотталған адамның жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі және АХАТ-қа жіберіледі. Өтінішті алғаннан кейін АХАТ органдары некені тіркеу күнін белгілейді. Некені тіркеу күні мекемеге АХАТ қызметкері және сотталушының болашақ жұбайы келеді. Некені тіркегеннен кейін жаңадан келгендер алғашқы ұзақ кездесуге құқылы», - СҚО бойынша ҚАЖД арнайы есеп тобының бас маманы әділет майоры Гүлжан Абканова.
Айта кетерлік жайт, әйелдер сотталған жарларын күтуге әлдеқайда асық. Өткен жылы Петропавл қаласының әйелдер колониясында тек 2 сотталған әйел отбасын құрған.