
СҚО-да ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобының инспекторлары Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобының есебінде тұрған еріктілермен бірлесіп, үш кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған, Уәлиханов ауданының ПҚБ есебінде тұрған, бас бостандығын шектеуге сотталған, жалғыз тұратын Н. есімді әйелдің үйін қардан тазартып, көмек көрсетті. Сотталған Н. осы акцияға қатысушылардың барлығына көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.