
Әр ұлт үшін Тәуелсіздік күні — тарихымыздың жүздеген беттері мен өз еліне деген шынайы сүйіспеншілігі тоғысқан ерекше мереке. Қазақстан үшін бұл күн - 1991 жылдың 16 желтоқсаны.
Барлық қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күні ел тарихындағы жаңа дәуірдің басталуын білдіреді. Тәуелсіздік Қазақстан халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін нығайтты. Мемлекеттің егемендігі біздің барлық жетістіктеріміздің берік негізіне айналды.
Елдегі тұрақтылықты қалыптастыруда, дамытуда және сақтауда маңызды рөл ішкі істер органдары жүйесіне берілген. Сондықтан біз елдің тағдыры, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі, болашақ ұрпақтың қалыптасуы ішкі істер органдары қызметінің нәтижелілігіне, олардың ұйымдастырылу деңгейі мен жауапкершілік дәрежесіне байланысты екенін сезінуіміз міндетті.
СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов жеке құрамды мерекемен құттықтап, 45 қызметкерді марапаттады.
Атаулы күні СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» марапатымен, Ішкі істер Министрінің, ҚАЖ Комитеті төрағасының, Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің және СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, «Мінсіз қызметі үшін» дәрежелік медальдармен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
Іс-шара барысында қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының грамотасымен марапатталды.
Іс-шараның салтанатты бөлімі аяқталғаннан кейін қызметкерлер мен қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.