Жәбірленушілерге өтемақы қоры бойынша бірлескен жұмыс

Жәбірленушілерге өтемақы қоры бойынша бірлескен жұмыс

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімімен, сондай-ақ Солтүстік қазақстан облысы Петропавл қаласының Прокуратурасымен бірлесіп мемлекет пайдасына, оның ішінде жәбірленушілерді өтеу қорының пайдасына өндіріп алу сомасы өндіріп алынатын борышкерлерді анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізді.

Жеке сот орындаушылары пробация қызметінде есепте тұрған, өз мінез-құлқын есепке алу үшін апта сайын тіркеуден өтетін адамдарды тексерді. Бұл ретте борышкерлер болып табылатын тұлғаларға қажетті құжаттар, сондай-ақ жұмыс істемейтін адамдарға жұмысқа орналасу ұсыныстары табыс етілді.

Жұмыс нәтижелері бойынша жәбірленушілерге өтемақы қорының пайдасына өтелген сомалар анықталды.