ҚР Тұңғыш Президентінің мерекесі

ҚР Тұңғыш Президентінің мерекесі

         Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 2012 жылдын  – 1 желтоқсанына бастап атап өтіледі. Мереке Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы ерен еңбегін мойындау ретінде белгіленді. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қазақстанның бірлігін, Конституцияны, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады.

        Неліктен Тұңғыш Президент күнін атап өту үшін 1 желтоқсан сайланды? Өйткені, Қазақ КСР-інің Президенті лауазымы 1990 жылдың сәуір айында құрылған еді, сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметке Республиканың Жоғарғы Кеңесін сайлады. Ал 1991 жылғы 1 желтоқсанда Н.Назарбаев бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті лауазымына сайланды, ол кезде сайлаушылардың 88,2% келуімен 98,78% дауыс алды.

     Қалыптасқан дәстүр бойынша Тұңғыш Президент күні Президент резиденциясында мемлекеттік туды көтеру рәсімінен басталады, Мемлекеттік гимн орындалады.

«ЕС-164/1 мекемесі» РММ шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандар арасында ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Іс-шараны өткізу орындары мереке тақырыбына сәйкес безендірілді, сондай-ақ Н.Назарбаевқа арналған стенд дайындалды. Мерекелік концерт өткізілді, онда сотталғандар арасынан шыққан әртістер қазақтың ұлттық киімінде өнер көрсетті, сондай-ақ күйлер орындалды. Сотталғандар ҚР Тұңғыш Президенті туралы қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер мен мақал-мәтелдер оқып, әндер орындады.ҚР Тұңғыш Президенті туралы «Елбасы жолы. От өзені».

         Тұңғыш Президент күні-Тәуелсіздік жылдарындағы өткен жолды, барлық қазақстандықтардың мемлекеттілікті нығайту жөніндегі бірлескен еңбегі мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің дамуына қосқан зор үлесі туралы еске салатын мереке.