Мәңгі есімізде

Мәңгі есімізде

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің жеке құрамы  Ғазиз Байтасовтың құрметіне бір минут үнсіздік жариялады.

Ғазиз Байтасов – Таразда террористті ұстау кезінде қаза тапқан қазақстандық полицей, ол үшін оған қайтыс болғаннан кейін “Халық Қаһарманы” (Народный Герой) атағы берілді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің, ЕС-164/1,3,6,8,9  мекемелерінің жеке құрамымен, сондай-ақ Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімі Г.А. Байтасовтың құрметіне арнап бір минут үнсіздік өткізді.

Сондай-ақ жас қызметкерлермен Ғазиз Байтасовтың өмірімен таныстыру мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыста батырдың өмірі туралы мәлімет жеткізіліп, жеке құрамның назарына бейнефильм ұсынылды.


– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ішкі істер органдарының 900 жуық қызметкері қаза тапты. ІІО қызметкерлері өз өмірлерін қатерге тігіп, елдің игілігі үшін қызмет атқарады. Өскелең ұрпақ ел игілігі үшін кеткен қызметкерлердің ерлігін назарға алып, әрдайым есте сақтауы тиіс, – деп бөлісті СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.