Сотталғандардың ішкі және рухани әлемін дамыту мақсатында ЕС-164/3 мекемесінде сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімімен " И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхана" КММ сотталғандардың оң мінез-құлқына ықпал ету, олардың ой-өрісін кеңейту, қоғамда тез әлеуметтену, дағдылары мен құзыреттерін дамыту, сондай-ақ сотталғандардың жұмысқа орналасуын жақсарту үшін кітапхана ресурстарын мекемеге тегін беру бойынша жұмыс жүргізілді. Барлығы әр түрлі тақырыптағы және жанрдағы 250-ден астам кітап берілді.
Кітапхана қызметкерлеріне мекеме әкімшілігінен кітапхана қорын абаттандыруға көмектескені үшін алғыс айтылды. Бүгінгі таңда СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің кітапхана қоры 15000 астам кітапты құрайды.