Тоқсанды жабу

Тоқсанды жабу

СҚО бойынша ҚАЖД Мамлют ауданының пробация қызметінің бастамасы бойынша Мамлют ауданының әкімдігінде аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айслу Тайменованың төрағалығымен, аудан прокурорының, ішкі саясат бөлімінің, жұмыспен қамту бөлімінің, денсаулық сақтау бөлімінің, кәсіпкерлік бөлімінің, экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Мамлют қаласы әкімінің қатысуымен консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өткізілді. Отырыстың үшінші тоқсанындағы қорытынды күн тәртібіне пробация қызметінің жұмысы барысында туындайтын бірқатар проблемалық мәселелер: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сотталғандарға көрсетілетін медициналық қызметтер түрлерінің спектрін кеңейту; ПҚБ сотталғандары үшін квота және әлеуметтік жұмыс орындарын бөлу; өмірлік қиын жағдайға тап болған сотталғандарға жәрдемақыны ұлғайту туралы мәселені қарау; пробация қызметінің есепте тұрғандары үшін биосканер сатып алу мүмкіндігі туралы қарауға шығарылды.

Отырысты аша отырып, пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Алмагүл Сеитова қатысушыларды пробация қызметінің жұмысы барысында туындайтын бүгінгі күні бар проблемалық мәселелер туралы қысқаша хабардар етті. Күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер егжей-тегжейлі қаралды, ЖАО бірлескен күш-жігермен оларды шешу жолдары табылды. Консультативтік-кеңесші орган 2021 жылдың төртінші тоқсанында ККО кезекті отырысында жүргізілген жұмыс туралы есепті ұсыну туралы шешім қабылдады.