Yмiт – 2021

Yмiт – 2021

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық–атқару жүйесі Департаменті облыстық бейнелеу өнері мұражайының базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс–шараларға орай сотталғандар орындаған "Үміт – 2021" сотталғандар орындаған суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарының облыстық байқау – конкурсын өткізді.

Көрмеге Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық–атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар орындаған 17 сурет және 17 қолданбалы өнер бұйымдары қойылды.

Байқаудың салтанатты ашылуына Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері, өнер қайраткерлері шақырылды.

Байқаудың қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді, олар үздік картиналар мен бұйымдарды анықтады.

Бірінші орынды ЕС-164/3 мекемесінің сотталғаны М. "Гармония" картинасының авторы, ЕС-164/3 мекемесінің сотталған К. "Сақ жауынгері" бұйымының авторы иеленді. Екінші орын: ЕС-164/9 мекемесінің сотталған О. "Бақыт бар" картинасының авторы, ЕС-164/6 мекемесінің сотталған Н. "Бүркіт" өнімінің авторы.Үшінші орынды ЕС-164/6 мекемесі Ю.сотталғанның "Қожа Ахмет Яссауи кесенесі" картинасының авторы, ЕС-164/6 мекемесі Т. сотталғанның "Ваза" туындысының авторы иеленді. 

Байқауда жүлделі орындарға ие болған картиналар мен бұйымдардың авторларына жеке шотына аударылған ақшалай сыйақылар, сондай-ақ дипломдар, грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

Облыстық байқауға қатысқаннан кейін суреттер мен бұйымдар Қарттар үйіне, сәбилер үйіне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа қайырымдылық акциясына берілді.