
СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының ПҚБ қызметкерлері Аққайың ауданының "Ақ әлем" клубының еріктілерімен және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен бірге ормандарды құрғақ бұтақтардан және тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының ПҚБ инспекторлары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру үшін тұрақты негізде түрлі іс-шаралар өткізеді.