СҚО тұрғыны алғаш рет жеке куәлігін алды

СҚО тұрғыны алғаш рет жеке куәлігін алды

СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері еріктілермен және Қызылжар ауданының ПБ көші-қон қызметімен бірлесіп 44 жасар сотталған В. ең маңызды құжатты- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеуге көмектесті.

Ер адамның өзі Қазақстан азаматының басты құжатын алуға "қиын өмірлік жағдайлар мүмкіндік бермеді" деп мәлімдейді.

- Бүгін ерекше күн. Енді мен кез - келген көмек ала аламын, сондай-ақ ресми түрде жұмысқа тұра алатын боламын", - деді сотталған В.

- Есепке қою кезінде пробация қызметінің инспекторы оған көші-қон бөліміне жолдама беріп, Қызылжар ауданының полиция бөлімімен және еріктілермен бірге жеке куәлік алуға көмек көрсетті. Әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету, сондай – ақ сотталғандарды жұмысқа орналастыру - пробация қызметі тұрақты негізде көрсететін көмек, - Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Ерлан Арынғазинов.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы пробация қызметінің қалалық және аудандық бөлімдері инспекторларының көмегімен алғаш рет 5 адамның жеке куәлігін алып, 9 сотталған адамның жеке куәлігін қайта  қалпына келтірді.