
СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті қызметкерлерінің жеке парақшаларында #менүйдемін челленджі бастау алды, оның 1 күнінде 15-тен астам қызметкер қатысты. Челлендждің мағынасы қарапайым: ата-әжелеріне бару, алдағы келе жатқан мерекемен құттықтау.
- Мазасыз күнделікті жұмыс күндерінде жақындарымызға және туған – туыстарымызға барып келуге уақыт үнемі жеткіліксіз. Біздің жұмысымыз жауапкершілікті және жұмысқа толық берілуді талап етеді. Біраз уақыттан бері туғандарыма баруға ниеттеніп жүр едім, уақыт таба алмай жүр едім. Челлендж бастау алғалы, ол маған өмірдегі ең бастысы – біздің отбасымыз екенін еске салды. Мен сыйлықтар сатып алып, туыстарыма келдім. Мені жылы қарсы алды. Енді жиі келіп жүруге бел будым. Біз қандай жұмыс істесек те, қандай биіктерге қол жеткізсек те, бізді туған - туыстарымыз бен жақындарымыз әрдайым жақсы көреді және күтіп отырады, - деп әсерімен бөлісті СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы әділет майоры Динара Жаманбаева.
Челлендж бір аптаға созылады. Сондай – ақ, бір апта ішінде Департамент, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылығы 110-ға жуық қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерін құттықтаумен шығуды жоспарлап отыр.