Сотталғандардың еңбегі

Сотталғандардың еңбегі

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бәрі ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі айқындайтын орындарда және жұмыстарда еңбек етуге міндетті.

Сотталғандар түзеу мекемелерінің кәсіпорындарында, мемлекеттік ұйымдарда немесе өзге де меншік нысанындағы ұйымдарда оларды тиісінше күзету мен оқшаулау қамтамасыз етілген жағдайда еңбекке тартылады.Сотталғандар жеке еңбек қызметімен айналыса алады.
         Сотталғандарға еңбек жанжалдарын шешу мақсатында жұмысты тоқтатуға тыйым салынады. Жұмыстан бас тарту немесе жұмысты тоқтату жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзу болып табылады және жазалау мен материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғуы мүмкін.
         ҚАЖ мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарды жынысына, жасына, еңбекке қабілеттілігіне және мамандығы бойынша мүмкіндігінше жұмысқа орналастырады.
         Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес сотталған ерлер мен әйелдер, сондай-ақ 1,2 топтағы мүгедектер еңбекке тартылады. Жазасын түрмеде өтеуші сотталғандардың еңбегі мекеме аумағында ғана ұйымдастырылады.
         Сотталғандарды тарта отырып өндірістік қызмет оқшаулау және күзет талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылады және түзеу мекемелерінің негізгі міндеті – сотталғандарды түзеуге кедергі келтірмеуі тиіс. Сотталғандарды пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар мен лауазымдар тізбесі түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларында белгіленеді.
         Сотталғандардың еңбегі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидалары сақтала отырып ұйымдастырылады. Сотталғандар ҚР заңнамасына сәйкес еңбекақы алуға құқылы.
         Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық пысықтайтын және өзінің еңбек міндеттерін (еңбек нормаларын) орындаған сотталғандардың айлық жалақысы белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

         Сотталғандар тек түзеу мекемелерін және оларға іргелес аумақтарды абаттандыру, сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөніндегі жұмыстарға ғана еңбегіне ақы төленбей тартылады.