
Мектепке барар жол Жалпы республикалық іс-шарасына СҚО бойынша ҚАЖД Айыртау ауданының ПҚБ қызметкерлері де қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты көпбалалы және мүмкіндіктері шектеулі аналарға көмек көрсету. Айыртау ауданының ПҚБ қызметкерлерімен көпбалалы ана және пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғанның баласына көмек көрсетілді. Сотталғанның баласы биыл 3 сыныпқа мектепке барады. Оған мектепке арнайы сөмке мен кұрал-жабдықтар сыйланды.