«ЕС-164/6 мекемесі» РММ сотталған әйелдердің бейімделуі

«ЕС-164/6  мекемесі» РММ сотталған әйелдердің бейімделуі

Қалыпты өмірдің,  өмірлік жоспарлардың әлеуметтік оқшаулау жолымен   жылдам және түбегейлі өзгерістері әр адамда «еркіндіктен айырылу белгілері" дегендей  спецификалық ауытқулар туындатады. Сотталған азамат мұндай қиындықтарды жаңа өмір сүру ортадағы нормалар мен ережелерге бейімделу және дағдылану арқылы жеңе алады. Бұл орайда әр сотталғандардың талаптарына сай жеке және топпен жұмыс атқаратын мекеменің психолог мамандары баға жетпес пайда келтіреді. Жаңадан келген әр сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмекке бағытталған жеке-дара бағдарлама дайындалады.

 Дағдылану процессі тұлғаның үйреншікті қабылдау стереотипі мен тәртіп үлгісі аз әсерлі немесе жалған болып қалған алғашқы әлеуметтік жағдайдан  өзге әлеуметтік жағдайға ауысымен пайда болатын дағдылану жағдайымен байланысты. Сотталғандарға әркез туыстарынан шалғайда болу ауыртпалығымен қоса режим талаптарына, еңбек жағдайларына, өзгеде сотталғандардың ортасына, мекемедегі өмірге сай өте күрделі дағдылану жағдайларды бастарынан өткеруге мәжбүр. Бұл процесс психологиялық типіне, жасы мен жынысына, жасалған қылмыс мінездемесіне, сотталған мерзіміне және де өзге факторларға сай өзіндік спецификаға ие. Қылмыс жасаған әйелдерге жоғары импульсивтік пен психо-жаралаушы аффективті уайымдауларға  төзімділік тән. Бұл туындаған өмірлік жағдайды дұрыс бағаламауға және ұстамсыздықпен қабылдауға әкеп соқтырады. Бейімделу процесстерінің нәтижелі болуы үшін мекеменің әлеуметтік-психологиялық қызметі психо-жаралаушы уайымдардың алдын - алуда заманауи жұмыс түрлерін атқарады.  Карантин (оқшаулау) бөлімінде психологтар тарапынан сотталған әйелдердің жеке ерекшелеліктері анықталып, тәртібі  болжалып, түрлі психологиялық тестілеулер мен диагностикалық карталар жасалады. Сонымен қатар олармен эмоциялық кернелістерді босатуға бағытталған жаттығулар өткізіледі және аутотренингтерге шақырылып, психокоррекциялық алдын- алу жұмыстары жүргізіледі. Кеңесу мен тренинг барысында сотталған әйелдердің талаптары мен қызығушылықтары анықталып, оларды жүзеге асыру жолдары туралы сілтеулер беріледі.

  Сотталған әйеледер әлеуметтік –психология босансу бөлмесіне жиі келіп , психолгтармен әңгіме -сұхбат жүргізіп, өздері, отбасы, өздерінің қызығушылықтары жайында сөйлеседі.Сотталған әйелдер көптеген шығармашылық  конкустарға қатысуға ниет білдіреді.