"Нұр Отан" партиясы филиалының ғимаратында Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай "Құрбан айт" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс - шараны өткізудің мақсаты-дөңгелек үстелге қатысушыларды Ислам дінімен таныстыру және осы тақырыпта жан-жақты ақпарат беру.
Кішкенекөл ауылының имамы Аслан Құлмұхан Ислам, Ораза және Құрбан айт туралы баяндама жасап, осы тақырыптарды егжей-тегжейлі ашып, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың, сондай-ақ Кішкенекөл ауылының сотталғандар мен азаматтық тұрғындар қатарындағы еріктілердің қатысуымен өтті.