Бас бостандығынан айырғандардың мінез- құлық негіздері

Бас бостандығынан айырғандардың мінез- құлық негіздері

«ЕС-164/1 мекемесі» РММ-де психологиялық қызметтің басты міндетті сотталғандарға адекватты психологиялық көмек көрсету.

Сотталған адам, әсіресе  алғаш рет сотқа тартылып отырған сотталушы, кінәлау фактісінің өзін өте ауыр көтереді, кейде сотталушының психикалық жай-күйі ауыр жан күйзелісі шегіне дейін жетеді. Адам төрт қабырғаға қамалдым деген оймен алғаш рет ұшырасқаннан бастап, елден аластатылып, барлық жағдайда шарасыз екенін түсінгендей, адамда өмірдің мәні жоғалып, жабығу, жабырқаңқылық сезімі пайда болды. Әрине психологиялық қөмек адамды басқа ортадағы жаңа өмірге бейімдеу мен оңалтудың негізгі кезендерінің бірі болып саналады. Сондықтанда, сотталғандар келген кезде психологтар үлкен рөлді атқарады. Көбінесе, психологтың жұмысы, сотталған адам онымен байланысқа түседі ме, оған сенім артады ма осыған тікілей тәуелді. Міне, осы жерде ол өзін нағыз  маман ретінде көрсетеді.

 Әр адам кешірімге лайықты. Адам жайсыздықты сезінбей, олқылық кешенін таппай, өзін және қоғамдағы  өз орнын қайтадан табуға міндетті. Қоғам оларға түзелу  үшін мүмкіндік береді, ал біз оларға өздерін табуға көмектесеміз. Сотталғандар түзеу мекемесіне біріші келген қүннен бастап, оларға  бостандықтағы өмірге деген дайындық басталады. Мұнда психологтың рөлі аса маңызды.

Мекемедегі пенитенциарлық психолог қызметінің негізгі  бағыты- жасақтағы моральдік-психологиялық климатты зерттеу болып табылады. Сотталғандармен тренингтік  сабақтар жүзеге асырылады, топтық және жеке психокоррекциялық жұмыстар: жеке психологиялық кеңес беру: психопрофилактикалық іс-шаралар  жүзеге асырылады.

Әртүрлі санатты сотталғандармен тәрбие жұмысында дифференциалды психологиялық - педагогикалық бағдарламаларды  жүзеге асыру пенитенциарлық психологияның негізгі өзегі. Сол себепті, мекемелерде тәрбие үрдісін қамтамасыз ететін базалық құрылым ретінде, психологиялық қызметті дамыту, бүгінгі күннің маңызды мендетті болып саналады.