Волонтеры помогут

Волонтеры  помогут

"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының ғимаратында СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған жастармен кездесу өткізілді .

Іс-шараға Уәлиханов ауданының ПҚБ инспекторы әділет капитаны Жаслан Хусаинов, Уәлиханов ауданының «Жастар бастамалары орталығы» КММ директоры қатысты.

Кездесу барысында Уәлиханов ауданының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін ерікті тәлімгерлер институтына азаматтарды тарту мәселесі көтерілді. Аталған іс-шара есепте тұрған адамдарды бейімдеу және оңалту, сондай-ақ қоғамдық өмірге тарту және өзін-өзі іске асыру жөніндегі жұмыс жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бірлескен келісім бойынша ПҚБ есебінде тұрған сотталған А. және М. жастар бастамалары орталығы жанындағы Еріктілер қозғалысының құрамына енгізілді, олар ауданның мәдени - бұқаралық және қоғамдық іс-шараларына тікелей қатысатын болады.