Онлайн процесс

Онлайн  процесс

СҚО Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылындағы Уәлиханов полиция бөлімінің ғимаратында судья Серік Темірбековтың төрағалық етуімен сотталған Д. қатысты онлайн сот процесі өтті.  Сотталған Д. бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бірнеше рет қасақана бұзған, жүргізілген профилактикалық әңгімелесулерге ден қоймаған, өзі үшін тиісті қорытынды жасаған жоқ. Уәлиханов аудандық сотының қаулысымен Д. кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесіне байланысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттарын бұзбауға мүмкіндік берілді.