Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының ғимаратында СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. пробация қызметі бөлімі халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жұмысқа мұқтаж адамдар үшін, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаусыз сотталған шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына байланысты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында Бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Жұмыс іздеп бос орындар жәрмеңкесіне СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар келді.

Жәрмеңкеге әр түрлі қызмет салаларының өкілдері қатысты: "Петропавл қаласының білім бөлімі" ММ, "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ, "Пилон" ЖШС, "Севимстальком" ЖШС, "Стройкомпания" ЖШС, "Альфа-Север"ЖШС. Сотталғандар мамандардың кеңесін алды. Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша ЖПБ есебінде тұрған сотталғандарға тұрғылықты жері бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға және жеке меншік кәсіпорындарға жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ олар түрлі мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстарына жазылуға мүмкіндік алды.