
Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталғандарды түзеу жолына қалыптасудың негізгі факторларының бірі құқыққа қарсы жасалған іс-әрекет үшін қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін ояту болып табылады.
Осыған байланысты СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының пробация қызметінің қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тартуды жүзеге асырады. Бұл сотталғандар "Қоғам алдындағы қарызыңды өтеу" деген жазуы бар жарық шағылыстыратын кеудешелер киеді. Аталған іс-шара қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Қоғамдық жұмыстар тек сот үкімімен ауыр емес және орташа дәрежедегі қылмыстар жасағаны үшін ғана тағайындалады.
СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының пробация қызметі тұрақты негізде қоғамдық жұмыстар мен мәжбүрлі еңбек сағаттарын жұмыс істейтін адамдардың жұмыс орны бойынша тексеруді жүзеге асырады. "Шартты" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде қоғамдық жұмыстар және мәжбүрлі еңбекті тарта отырып, бас бостандығын шектеу санаты бойынша есепте тұрған адамдар тексерілді.