Сотталғандарды жұмысқа орналастыру

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімі Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша 75 жобаның мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Петропавл қаласы әкімдігінің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және Петропавл қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"қаулысы негізінде күн сайын Петропавл қаласының пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша Петропавл қаласының құрылыс ұйымдарына 30 сотталған жұмысқа орналастырылды. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар құрылыс объектілерінде жұмыс істейді: мәдени маңызы бар, көп қабатты тұрғын үйлер салу, қаланың саябақтары мен гүлзарларында кеспе тастар төсеу.

Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталғандар жұмыс орындарының квотасы бойынша қаламыздың жетекші құрылыс және өнеркәсіптік ұйымдарымен 10 еңбек келісімі жасалды.