Шетте қалмайды

Шетте қалмайды

Петропавл қ. пробация қызметі бөлімі жұмысының маңызды бағыттарының бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды тұрғылықты жеріне алып бару болып табылады.

2021 жылғы маусымда әртүрлі санаттар бойынша 9 сотталған: әкімшілік қадағалау, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жаза мерзімін өтеу бойынша босатылды. Босату бойынша сотталғандар Петропавл қаласының пробация қызметі бөліміне келеді, онда оларға уақытша тұрғын үй алу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, біржолғы жәрдемақы, психологиялық сүйемелдеу, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету бөлігінде әлеуметтік - құқықтық көмек көрсетіледі.

Сотталған А. жаза мерзімін өтеу бойынша ЕЦ – 166/10 мекемесінен босатылған, тұрақты тұратын жері болмаған, пробация қызметі бөліміне уақытша тұрғын үй, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, біржолғы жәрдемақы алуда, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету үшін әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген. Сотталған А.COVID – 19-ға экспресс-тестілеу өткізілді. Жеке бағдарламаға сәйкес ол "Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығы" КММ орналастырылды. СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. ПҚБ инспекторлары сотталғанға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету бойынша одан әрі көмек көрсететін болады.