«Шартты түрде»

«Шартты түрде»

Құқық тәртібін сақтау, қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында 2021 жылдың 21-27 маусымы аралығында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында "Шартты түрде" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, оған СҚО бойынша ҚАЖД Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары қатысады. Тексеру жүргізу кезеңінде жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзатын, жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандар қатарындағы адамдарды анықтау мақсатында профилактикалық сипаттағы әңгімелесулер жүргізе отырып және тәртіптік ықпал ету шараларын қолдана отырып, адамдар көп жиналатын орындарды қамтиды. 

Бұл іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында өткізіледі.