
СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының ПҚБ қызметкерлері ауданның Жастар ресурстық орталығының басшысы Азат Бигожинмен және "Ақ әлем" еріктілер клубының еріктілерімен бірлесіп, Аққайың ауданының Смирново ауылында тұратын 29 жасқа дейінгі есепте тұрған сотталғандармен жұмыс және тұрғылықты жері бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді.
СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының ПҚБ инспекторлары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру үшін тұрақты негізде түрлі іс-шаралар өткізеді.