РЖПІШ «Шартты түрде»

РЖПІШ «Шартты түрде»

Бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған, аумақтық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың профилактикасы мақсатында 2021 жылғы 21-26 маусым кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында "Шартты түрде" Республикалық жедел - профилактикалық іс-шара өткізілетін болады.

"Шартты түрде" РЖПІШ кезеңінде Уәлиханов ауданының ПБ ЖПҚ бірлесіп іс-шараның бірлескен жоспары құрылды және бекітілді. Осыған байланысты Уәлиханов аудандық ПБ пробация қызметі тобының және жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерінен мобильді топтар ұйымдастырылды. СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тұрғылықты жері бойынша және жұмыс орны бойынша тексеріледі, олармен әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізіледі, сондай-ақ жазаны өтеу тәртібі түсіндірілетін болады.