Мини – футбол бойынша Турнир

Мини – футбол бойынша Турнир

2021 жылғы 18-19 маусымда СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері мен ардагерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Полиция күнін мерекелеуге арналған шағын футболдан Турнир өткізілді.

Турнирдің мақсаты мен міндеті – ҚАЖ қызметкерлерінің салауатты өмір салтын және спортты насихаттау.

Турнирді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов ашты, ол өз кезегінде қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирге барлығы 7 құрама қатысты: СҚО бойынша ҚАЖД аппараты, ардагерлер, сондай-ақ ЕС-164/1,3,6,8,9 мекемелері.

2 күндік турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

І орын-ЕС-164/1 мекемесінің құрамасы;

ІІ орын-ЕС-164/6 мекемесінің құрамасы;

ІІІ орын-СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің құрамасы.

- Мен турнирге қатысқаныма өте қуаныштымын. Ардагерлер белсенді, бізді ұмытпайды. Мерекемен жыл сайын құттықтайды. Өз кезегімде, құқық қорғау жүйесінің барлық қызметкерлерін құттықтап, жұмыста шыдамдылық пен сәттілік тілеймін, - деп бөлісті СҚО бойынша ҚАЖД зейнеткері, отставкадағы әділет аға лейтенанты Айкен Букенов.

Турнир жеңімпаздары 23 маусымда салтанатты түрде Департамент бастығы, әділет полковнигі Рустан Ахметжановтың құқығымен марапатталатын болады.